Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында Президент Жолдауы аясында тұрғындармен кездесу өтті. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов, Абай аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, қалалық мәслихат депутаты М.Жолдықожаев Жолдаудағы басым бағыттарды атап берді.
Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелері, саналы ұрпақ тәрбиелеу, адам капиталын дамыту мәселелері талқыға түсті.
Айта кетейік, аталмыш тұрған алапта инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып келеді. Мәселен былтыр елдімекеннің 6 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен қамтылған болатын. Ендігі кезек сапалы электр қуатында. Бұдан бөлек биыл 2 көше, атап айтқанда 1,5 шақырымды құрайтын Жұманов және Айдарқұл көшелеріне жарық орнатылуда. Жайлы орта қалыптастыру бағдарын ұстанған Шымкенттің «Жаңаталап» тұрғын алабында бүгінде 2 ойын алаңшасы ел игілігіне берілді.