Жамбыл облысында ауыл имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалған. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып elitar.kz хабарлайды.
Қайғылы оқиға 51 жастағы азаматтың қорасында болған. Имам оның жүрек тұсына пышақ сұғыпты. Замандасы сол жерде есін жимастан көз жұмған. Екі марқұм бір-бірімен түйдей құрдас. Қансырап өлген кісі бойдақ, ал асылып қалған молданың үш баласы мен жары бар. Ел ішінде кішкентайынан бірге өскен достар арасындағы дауға әйел себеп болуы мүмкін деген қауесет тарап жатыр.
"51 жастағы азамат ас бөлмесіндегі пышағын алып шығып, көршісіне пышақ салып, соңғысы оқиға орнында қаза болған. 51 жастағы азамат көршісінің қаза болғанына көзі жетіп, ауланың аяқ жағына барып, жіпке асылып өлген.",-деді Жамбыл аудандық ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Дәулетжан Бектембаев.
Екі құрдастың арасындағы жанжал имамның әйелі үшін туындаған деген болжам бар. Алайда, діндар кісінің әрекетінің себебі әлі анықталмады. Имамның артында үш баласы қалды, ал досы бойдақ болып шыққан. Қазіргі таңда бұл деректерге байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, қанды қылмыстың мән-жайы анықталуда.
"Келіспеушілік екеуінің арасында болып отыр ғой. Мына жақтағы Қанат деген жігіт бойдақ, мынау үйленген, үш баласы бар. Айтып отырмын ғой, ол ызақор. Арасына біреулер кірді ме, әйтеуір, сондай болыпты. Оның нақтысын білмейміз енді", - дейді ауыл тұрғыны Сағидолла Сатыбалдиев.