Жамбылда бақташы жігіт иесінің 47 бас қойын сатып жіберген

17 тамыз, 18:18

Жамбылда ақшадан қиналған 31 жастағы бақташы иесінің 47 бас малын сатып жіберген. Жалпы шығын көлемі 2 820 000 теңгені құраған. Қойшыға сеніп, сан соғып қалған иесі мұны білген соң полицияға арызданды.

«Меркі ауданының 31 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Малшы жеке басының қаржы қажеттілігіне байланысты сатып жібергендігін айтты. Күдікті кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді облыстық Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегілер.