​Жамбылда жолаушылар пойызы көлікпен соқтығысып, 6 адам көз жұмды

01 қараша, 12:44

Жантүршігерлік оқиға бүшін, 1 қараша күні сағат 08.55 шамасында болған. Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен.


ІІМ-нің Telegram-каналының жазуынша, көлік апатынан 6 адам қаза тапты.
Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеуде.