Жамбылда зират аумағынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймасы табылды

20 шілде, 17:11

Жамбыл облысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады. Қойма зират аумағынан табылды. Онда екі оқжатары бар "АКС-74У" автоматы, 9 мм калибрлі "ME-38 Marchal" травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді.

Ведомства мәліметінше, аталған жайт бойынша сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.