Шымкент жастары өз идеяларын мемлекеттің қолдау нұсқаларын талқылады

06 қазан, 16:08

Жастар - мемлекеттің болашағы, жастар мәдениеті-индустриалды қоғамның ұрпағы, ол мәдениеттің жалпы жүйесінен құндылық бағдарларымен, сәнімен, қарым-қатынас тәсілдерімен ерекшеленеді. Жас ұрпақтың барлық жеңістерін, өткен тәжірибелерін ештеңені жоғалтпай жинауға мүмкіндігі бар.
Білімді жастар-бұл ел әрқашан ұстанатын тіректер. Егер мектеп орындығынан жастарға патриотизм сезімін және өз Отанына деген сүйіспеншілікті ояту мүмкін болса, онда олар өз кезегінде оның дамуы мен әл-ауқатына жан салады.

Сондықтан Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жастарды қолдайтын бастамаларға көбірек мән берді. Бүгін Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенов университетінде «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов студенттермен кездесуінде Жолдауды жүзеге асыру төңірегінде пікірлесті.


Жолдауының үшінші бағытында жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, сапалы білім алуы мен жұмыспен қамту және жас кәсіпкерлерді қолдау жөнінде айтылған. Кездесу барысында Мұратәлі Оразалыұлы Мемлекет басшысы жастарға көп үміт артып отырғанын, әділетті қоғам құруда жас буынның рөлі үлкен екенін жеткізді.


–Дамыған елдердің тарихына үңілсеңіз алдымен жастарға көбірек көңіл бөліп, олардың саналы тәрбие мен сапалы білім беруді қолға алғанын байқаймыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Жаңа Қазақстанды құруда жас буынға үміт артқаны Жолдауда айқын көрініс тапты. Қазір жоғары оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмысқа орналасу мәселесі алаңдататыны рас. Жастарға жан-жақты қолдау мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екенін айтып, келесі жылы 100 мың жастыҢ жұмыспен қамтылатынын жеткізді. Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында оларға жеңілдетілген тәртіппен 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта еліміздегі шағын бизнесте жастардың тың бастамаларымен жаңа деңгейге көтерілетініне нық сенімдімін. Берекелі қоғамның бастауы, әділетті мемлекеттің негізі де жастар, - деді ол.


Айта кетейік, бүгін жастармен бірлесіп Президент қ.Тоқаевтың Жолдауының маңызды мәселелерін іске асыру бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай пікірталас алаңы қала жастары арасында мемлекет тарапынан мүмкіндіктерді терең насихаттауға жол ашады. Бұл тақырыпты Мемлекет басшысы өз Жолдауында ерекше атап өтті.
"Жастардың белгілі бір мамандықтың қыр-сырын түсінуге ұмтылуы маңызды, өйткені кәсіпқойлардың еңбегі әрқашан жоғары бағаланады. Біздің өскелең ұрпақ тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Көрші мемлекеттердің азаматтары шетелде ешқандай жұмысты елемей жұмыс істейді. Олардың ішінде біздің елімізде де үлкен жетістіктерге жететін көптеген мамандар бар. Мұндай адамдардан үлгі алу керек. Ең бастысы-адал еңбек. Біз мұны жақсы түсінетін ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Бұл мәселеге идеологиялық жұмыста көп көңіл бөлу керек", - деді Қ.Тоқаев.

Фото: Серік Қосаев