Жетісу облысындағы Есіл ауданында қанды оқиға орын алды. Қарабұлақ кентінің 34 жастағы тұрғыны шұғыл түрде ауруханаға түсті. Науқасқа кеуде тұсынан пышақ жарақаты салынған. Бұл туралы полицияға хабар беріліп, қылмыстық іс қозғалды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ретінде 60 жастағы ер кісі ұсталды. Ол жәбірленушінің ауылдасы.
«Күдікті алдымен медициналық айықтырғышқа орналастырылды. Содан кейін жауап алу үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс құралы болған ас үй пышағы іс материалдарына тіркелді» делінген ведомство мәліметінде.