Әйелін балағаттаған ШҚО тұрғыны сот залынан бір-ақ шықты

15 қаңтар, 14:36

Ұлан ауданының тұрғынына өзінің жұбайын құрметтемеген деген айып тағылуда, деп жазады Elitar.kz тілшісі.

«Виртуалды сот» жобасы аясында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстінің 73-бабы 1-тармағына байланысты әкімшілік іс қаралды.

– Сот бұл азаматтың өз жұбайын боқтағанын, осылайша өзімен отбасылық-тұрмыстық байланыста тұрған тұлғаға әдепсіздік көрсеткенін анықтады, - деп хабарлады Ұлан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. – Жәбірленуші сот отырысына келе алмай, видеоконференц байланысының көмегімен қатысты.
Айта кетейік, сот отырысы барысында боқтау сөзге «құмар» азамат әрі жәбірленушінің күйеуі өзінің кінәсін мойындап, жұбайымен татуласқанын мәлімдеді. Медиаторлардың араласуымен екі тарап келісімге келді.
Кінәсін мойындаған азаматтың сөздерін тыңдаған судья екі тараптың татуласуына байланысты әкімшілік істі қарауды тоқтатты.
Марьяна Макарьянова, ШҚО