Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз пәтерлерінде өлуден қорқады

31 мамыр, 11:00

Тұрғындардың пікірінше, үйлердің қабырғаларындағы жарықтар метродан пайда болған. Бұл туралы Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қабырғалардағы жарық саңылаулар - алматылықтарды сарыуайымға салды. Метродан келетін діріл үйдің іргетасын төмендетіп жіберген дейді олар.

Жыл сайын жағдай нашарлауда. Билік көпқабатты үйлер тұрғындардың жекеменшігі екенін, үйдің жағдайына тұрғындардың өздері жауапты екенін айтады.

Көпқабатты үйдің салынғанына шамамен 45 жыл, ал күрделі жөндеу мұнда ешқашан болған емес. Қабырғалардағы жарықтар жылдан жылға үлкейіп келеді.

Тұрғындар кіреберістердегі алғашқы жарықтар метро құрылысынан кейін пайда болғанын еске алады. Ол кезде қабырғалардағы бояулар көше бастаған деп ойлаған. Екі жыл бұрын жарықтардың көлемі үлкейе бастағанда дабыл қағылды.

Преснякова Татьяна:

- Біздің үйлердің астындағы Метродан діріл білінеді. Үйдің іргетасы сөгіліп жатуы мүмкін. Тоғызыншы қабаттан төртінші қабатқа дейін жарық үлкейіп келеді, кеңдігінен тіпті көше көрінеді.

Мұндай жағдайда өмір сүру қауіпті екенін айтқан тұрғындар шенеуніктерден жауап ала алмаған. Олар тұрғындарға өз есебінен техникалық тексеру жүргізуді ұсынғаннан басқа әрекет жасамаған.

Бауыржан Данаев, Медеу және Түрксіб аудандары бойынша сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің басшысы:

- Бұл жағдайдың көзбен шолып қарау арқылы себебін анықтау мүмкін емес. Ол үшін техникалық тексеру жүргізу қажет.

Мұндай жағдайға алматылықтар бұдан әрі төзуге ниетті емес. Олар тексертуге ақша жоқ дейді. Демалыс күндері олар аудандық әкімдік өкілдерімен бірге тағы да жиынға бармақ. Бұл жолы мәселе оң шешіле ме, жоқ па, белгісіз.