Абақтыда отырған бауыры әпкесінің өмірін сақтап қалуы мүмкін: Қостанай облысында тұтқындалған донордың анасы ұлын Астанадағы қатерлі ісік және трансплантология орталығына ауыстыруды өтінуде, деп хабарлайды Elitar.kz.
Бұл оқиға күзде басталды. Раиса Арестанованың отбасы Қостанай облысындағы Қарабалық ауылында тұрады. Қызы Жұлдыз Арестанова 31 жаста. Оған миелобласт лейкозы диагнозы қойылған. Жас келіншек республикалық ұлттық ғылыми қатерлі ісік және трансплантология орталығында (ҰҒҚІТ) 6 рет химиятерапия алды, дегенмен, емнен нәтиже болмауда. Бір ғана жол – сүйектің жілік майын салу.

Жұлдызға оның жалғызн бауыры, Нұрлан Арестанов көмектесе алады. Толық тексеруден өткен жігіттің барлық анализі сәтті шыққан. Донор бола алады. Дегенмен, полицейлер 8 желтоқсан күні оны ұстап, есірткі таратқан деген айып тағып отыр.
«Жұлдыз донорлық туралы білгенде ең алдымен інісін аяды, - дейді Раиса Арестанова. – Тек келесі күні ғана «Менің жайым не болмақ?» деп уайымдай бастады. Оның 7 жасар қызы бар. Бүлдіршін анасы емделіп, ауруханадан үйіне қайтарына сеніп жүр».
Жұлдыздың анасы да осыған сенеді. Дегенмен, қол қусырып отырғаннан ештеңе шықпасын да біледі.
Раиса Искандерқызы ұлы науқас қызына донор болуы үшін көп жерге барды. Күзде ішкі істер департаментіне де, прокуратура мен сотқа да барды. Ұлын Астанаға жеткізуге өтініш жасады. БАҚ өкілдерінің назарын аударып, оқиға қоғамдық талқыға түсті. Соның нәтижесінде Нұрлан Арестанов Астанаға жер аударылды. Дегенмен, трансплантация отасын кейінге қалдыруға тура келді: жас жігіттен белсенді С гепатиті табылыпты. Мұндай сәтте ота жасауға болмайды, донордың инфекциясы бар материалы дерттен әлсіреген әйелге қатерлі болуы әбден мүмкін. Дәрігерлер Нұрланға әсері мықты дәрігерлер жазып беріп, оны сатып алуға көпшіліктен қаржы жиналды. Екі ай бойы ол уақытша тергеу абақтысында отырып, емдеу курсынан өтті. Анализдер тапсырды.
Раиса Арестанованың айтуынша, алғашы анализдің нәтижесі жаман емес, одан кейінгілері тіпті жақсы. Таяуда республикалық ұлттық ғылыми қатерлі ісік және трансплантология орталығынан ресми медициналық қорытынды келді. Ондағы мамандар 19 желтоқсан күні Нұрлан Арестановты донор ретінде күтіп отыр.
Бұл тұстағы қиынды – таяуда жас жігіттің сот отырысы басталуы тиіс. Алғашқы сот отырысы 13 желтоқсанға бекітілген болатын. Дегенмен, Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің бізге хабарлауынша, Арестановтың анасы сот отырысын кейінге қалдырып, Нұрланды Астанаға жеткізуді өтінген. Әпкесінің өмірін сақтап қалу үшін.
Енді осы өтініш қаралатын процес ертеңге тағайындалып отыр. Сот шешім қабылдаған сәтте біз Жұлдыз Арестанованың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берілген немесе берілмегенін біз міндетті түрде хабарлаймыз. Науқас әйел өзін жақсы сезінуде. Астанадағы ғылыми орталықта ем алып, отаға дайындалып жатыр.