Баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ШҚО тұрғыны сотталды

13 қараша, 12:00

Сот өкілдерінің пікірінше, бұл азаматша баласына ар-намыс пен жауапкершілік ұғымдарын үйрете алмаған

Таяуда Зырян қаласында 17 жасар ұлы ұрлық жасаған жергілікті тұрғын сотталды. Сот барысында жасы кәмелетке толмаған қылмыскердің анасы ұлына көңіл аз бөліп, соның салдарынан жеткіншек скутер ұрлағаны анықталды. Судьялар бозбаланың ұрлыққа баруының басқа себептерін таппады. Сондықтан сот бұл әйелді ата-аналық парызын орындамағаны және баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін кінәлі деп тапты.

Зырян аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл азаматша енді 7 АЕК көлеміндегі айыппұл төлейді. Айта кетерлігі, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Автор: Марьяна Абдельдинова, ШҚО