Жоғалды деген бала сыныптасының үйінде болып шыққан

29 тамыз, 11:14

11 жасар бала үйінде анасы жоқтығын пайдаланып, досының үйіне кеткен. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып elitar.kz хабарлайды.

Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын сағат таңғы 11:30 шамасында өзінің жасөспірім 11 жасар ұлы есік алдында ойнап жүріп, велосипедімен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта үйге оралмағанын көрсетеді.

Аталған жайт Ордабасы АПБ-нің қызметкерлерімен тіркеуге алынды. Жоғалған жасөспірім жайлы хабарламаны алған Ордабасы АПБ-нің қызметкерлері тез арада іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде сыныптасының үйінде жүрген баланы тауып, анасына табыстаған.

Өз кезегінде, Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға балаларыңызды бақылаусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.