Жолдаудағы өзгерістер экономиканың дамуына бағытталған

12 қазан, 17:17

Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің шаһардағы еңбек ұжымдарымен кездесуі жалғасуда. Ақпарат-насихат тобының өкілдері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Lux shoes» кәсіпорнының жұмысшыларымен жүздесіп, Президент Жолдауындағы оң өзгерістерді кеңінен тарқатып айтты.

"Биылғы 5 маусымда жалпы халықтық референдум өтіп, еліміздің Ата заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Ал жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент сайлауы мен парламент сайлауы өтетініне тоқталды. Бұл – елімізде соңғы жылдары орын алып жатқан саяси реформалардың жалғасы іспетті оқиғалар. Өздеріңізге белгілі болғандай, ел Президенті 7 жыл мерзімге бір рет сайланады, заңдарға тиісті өзгерістер енгізілді. Мұны айтып отырған себебіміз, «Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген сөз бар. Сондықтан, еліміздің әр азаматы қоғамдағы өзгерістерден хабардар болып отырғаны да дұрыс. Көбіңіз ұл-қыз өсіріп отырған боларсыздар, Президент Жолдауында айтылған маңызды жаңалықтың бірі – Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы еліміздегі кәмелет жасқа толмаған балалардың арнайы шотына 18 жасқа дейін аударылып отыратын жаңалық та бұрын-соңды елімізде болмаған. Бұл да болса халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі деп санаймын", – деді Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Шалатай Мырзахметов.

Кездесуде жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды.

Айта кетейік, «Lux shoes» ЖШС 2 500 шаршы метр аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі 693 млн теңгені құрайды. Аяқ киім мен табан шығаратын кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 120 мың жұп аяқ киім мен 150 мың жұп табанды құрайды. Мұнда 55 адам еңбек етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Өз Жолдауында ол Қазақстандағы алдағы өзгерістер туралы айтты:

•Ең төменгі жалақы 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін көтеріледі.

* Әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылдан бастап 61 жасқа дейін төмендейді.

* Жаңа Салық кодексі әзірленетін болады, әкімшілендіру процесін цифрландыруға, сондай-ақ салық төлемдерін саралауға ерекше назар аударылатын болады.

* "Сән-салтанат салығы"енгізіледі. Ол қымбат жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын сатып алу кезінде алынады және орта тапқа әсер етпейді".

* Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылданады.

* Тұжырымдамалық жаңа құжат – қала құрылысы кодексі пайда болады.

* Автокөліктерді кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алым енгізілетін болады.

* Оқуға жеңілдікті кредиттер берілетін болады.

* Бала күтімі бойынша төлемдер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 жасқа дейін ұлғаяды.

* Фото және салық аударымдарын ұлғайтқан кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетіледі.

* Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу ұсынылады.


Фото – Серік Қосаев

Галерея

2306
2307
2308
2309
2310
2311
2312
2313
2314
2315
2316
2317
2318
2319
2320
2321
2322
2323
2324
2325
2326
2327
2328
2329
2330
2331
2332