Жыл басынан бері 140 адам «бомба» туралы жалған хабар айтқан

27 тамыз, 10:55

Елімізде жыл басынан бері полиция қызметкерлері жасырылған бомбалар туралы хабарларды тексеруге 140 рет шыққан. Терроризм актісі туралы жалған хабарламалар бойынша 101 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-каналында жазылды.

Жалған террористердің қол сұғу объектілері:

- білім беру объектілері;

- көлік объектілері;

- СОО;

- елшіліктер;

- банктер және басқалар.

Өткен жылмен салыстырғанда мұндай хабарламалар бойынша 68%-ға көп қылмыстық іс қозғалды. 101 істің тек 12-сінде ғана қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

Жыл басынан бері "миналау" үшін 11 адам сотталды, оның 6-ы - бас бостандығынан айырылды.

Кейбір жағдайларда "бомбалаушылар" шетелден болып келеді.