Елімізде 1 тамыздағы жағдай бойынша 9 077 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ отанына оралған.
«Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны - 60,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші -26,2% және зейнеткерлер - 13,3%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,8%-ы жоғары білімді, 39,8%-ы орта кәсіби білімді, 46,7%-ы жалпы орта білімді және 1,6%-ының білімі жоқ» делінген министрлік мәліметінде.