Жыл басынан бері Түркістан облысы мен Шымкентте көлік апатынан 22 адам көз жұмды

01 ақпан, 16:30

​Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жыл басталғалы бір айдың ішінде жол-көлік оқиғасынан 22 адам қайтыс болып, 19 адам жарақат алған,​ деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жыл басталғалы бір айдың ішінде жол-көлік оқиғасынан 22 адам қайтыс болып, 19 адам жарақат алған, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Бұл ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығының апаттар картасының мәліметі. 2019 жылдың қаңтар айында Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жалпы 21 жол-көлік оқиғасы орын алған. Оның 7-еуі Шымкентте. Ресми ақпараттарға сүйенсек, бір ғана Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында көлік жүргізушісі мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген. Басқа жол көлік оқиғаларына себепкер жүргізушілер темір тұлпарды сап-сау күйінде тізгіндеп, апатқа жол берген.

Қоғамдық көліктің жаяу жүргіншіні қағып кету 2 фактісі орын алған. Бірінде 15 қаңтарда Шымкентте "ЛТД Тұрмыс" ЖШС нің көше тазалаушысын автобус жаншып кеткен болса, 29 қаңтар күні Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Бесікбөр ауылында осыған ұқсас қайғылы жағдай болды. Адам өлімімен аяқталған барлық апат жылдамдықты арттыру, жол ережелерін сақтамау салдарынан орын алған.