Ақсу ферроқорытпа зауытының айналасын алтын безгегі жайлады. Біздің редакцияға келген видеодан адамдардың зауыт қалдықтарын қаптармен жинап жатқанын көруге болады. Олардың айтуынша, онда алтын бар.
Бірақ көп ұзамай ол орын жабылып, кейінгі келген видеодан нысанның полицейлермен қоршалғанын көруге болады.