15 шілде, 12:39
Зейнет жасындағы әжейдің бауырына жасаған әзілі елге күлкі сыйлап, тәнті етті. Оның видеосын әжейдің бірінің немересі өзінің ТікТок парақшасында жариялады. Бейнежазбадан зейнеткердің көпқабатты тұрғын үйдің подъездің бұрышында жасырынып, сіңлісін күтіп тұрғанын көруге болады. Әжейдің бірі үйдің есігін жауып подъезге шыға бергенде әпкесі оны қорқытпақ болады. Кейін екеуі әбден күліп, сыртқа қарай беттейді. Бұл сәтті олардың бірінің немересі видеоға түсіріп алған.
Қос әжейдің әзілін көрген желі қолданушылары егде жастағы бауырлардың тату-тәттілігіне риза болып, ұзақ ғұмыр тіледі.
«Мен де әпкеммен тура осылай әзілдеймін. Біздің жасымыз 65-те, жап-жас әжейміз», «Позитивті апалар, олар туралы видеоны көбірек салып тұрыңызшы», «Біздің де осы жасқа келіп, әзілдесетін бауырымыз қасымызда болуды Алла нәсіп етсін. Ғұмырлары ұзақ, денсаулықтары мықты болсын», «Жарайсыздар, әрдайым осындай көтеріңкі көңіл күймен аман жүре беріңіздер», «Адамның тәні қартайғанымен жаны қартаймайды деген осы» деп жазды желідегілер.