Арыс: ұлттық спортты ұлықтайтын кешен жанданды

18 маусым, 16:02

Арыс қаласындағы ұлттық спортты ұлықтайтын кешен қызметі заманауи талапқа сай қайта жанданды.


«Арыс-Шардара» тас жолының жиегінде бой көтерген ипподром аумағында жеке инвесторлар есебінен қала тұрғындары мен қонақтарына арнап иппотерапия қызметі ұсынылуда. Сондай-ақ бұл жерде көкпар, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, саятшылық, аударыспақ, асық ату сынды ұлттық ойындарды дамытуға барлық жағдай жасалған. Жалпы аумағы 5 мың шаршы метр жерді алып жатқан кешен бір мезетте 270 адам қабылдап, қызмет көрсете алады.