Асқар Жұмағалиев қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарады

26 желтоқсан, 18:53

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Асқар Жұмағалиев тағы бір қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Асқар Жұмағалиев жаңа қызметті қатар алып жүретін болды.

Асқар Жұмағалиев 1972 жылы 2 тамызда Орынбор облысында туған. 1989 жылы Свердлов Суворов әскери училищесін, ракета әскерлерінің Харьков жоғары әскери Командалық инженерлік училищесін, 1996 жылы Алматы энергетикалық институтын бітірген. Қазақ ұлттық техникалық университетінде және Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алған.

Еңбек жолында "Жарық"ЖШСбБас директоры болып жұмыс істеді. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.

2006 жылдан 2010 жылдың наурыз айына дейін "Қазақтелеком" АҚ президенті, кейінірек ҚР Байланыс және ақпарат министрі және ҚР Көлік және коммуникация министрі болған ол өзге де лауазымды қызметтерді атқарды.