Астанада "Нұр Отан" партиясының съезді басталды

27 ақпан, 11:15

Съезд партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Астанада саяси ұйымның 20 жылдығына арналған "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтуде.

Съезде төрт мәселе қаралады: партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды, партия органдарының есептерін қарау, сондай-ақ партияның Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау жоспарланған. Съезд басталғанға дейін оның қатысушыларына "Нұр Отан" партиясы және Астананың даму кезеңдері туралы фильм көрсетілді.

Партия төрағасының бірінші орынбасары және Съезд модераторы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде 20 жылдағы партияның дамуын қорытындылап, мақсаттардың айқындалатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзін партия мүшелеріне алғыс айтудан бастады.

"Біз үшін тұтас дәуір. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қояр едік. Сондықтан, "Нұр Отан" мықты саяси күшке айналып, нақты жұмыс көрсетті. Партияластарыма алғыс айтамын",-деді Елбасы.

Айта кетейік, съездге 179 делегат қатысып отыр.