Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің сайлауында дауыс берді

09 маусым, 10:52

Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Опера" театрының ғимаратындағы № 115 сайлау учаскесіне сағат 09.30-да келді.

Қазақстанның қазіргі президенті кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев № 115 сайлау учаскесінде бюллетень алып, онымен дауыс беру кабинасына кірді.

Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге сұхбат берді.

"Бүгін тарихи күн. Менің ойымша, әрбір сайлау, әсіресе Президент сайлауы – бұл шайқас алаңы емес, сонымен қатар конфронтация алаңы да емес, бұл бағдарламалар мен пікірлердің жарысы. Біздің халқымыз біздің елде болып жатқан саяси оқиғаларға ешқашан немқұрайлы қарамады. Осы жолы да Қазақстан халқы азаматтық белсенділік танытып, мемлекетіміздің болашағы үшін дауыс береді деп үміттенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.