​Ақтау әкімі қызметкерлері кешке дейін жұмыста отырғаны үшін жазаға тартылды

28 қараша, 09:30

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментіндегілер жүргізген талдау жұмыстары кезінде белгілі болған.

Талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша өңірге қарасты аудан, қалалардың ішінде Ақтау қаласы әкімдігінің қызметкерлері жұмыстан тыс уақытта да кеңседе отыруға мәжбүр боп шыққан. Яғни, департаменттегілер жүргізген сауалнамаға қатысқан қызметшілердің берген жауабымен осындай нәтиже шығарылған. Мәселен, жаз айында әкімдікке қарасты бөлімнің бірінің төрт қызметшісі өз еркімен жұмыстан кеткен. Олар кету себебін басшылық тараптан берілетін тапсырманың көптігімен және соның салдарынан қызметтік уақыттан тыс кезде де жұмыс істеуімен және демалыс күндері де жұмысқа шығуымен байланыстырыпты.

Айта кетерлігі, жұмыс уақытының нормасын асырғаны үшін жұмыс берушілерге арнайы заңға сәйкес әкімшілік жаза қарастырылады. Егер оны орындамаса, айыппұл салынады.

Ақтау әкімі әдеп жөніндегі кеңеске шақырылып, ескерту берілді.

ФОТО: Baribar.kz