Ақтөбе облысының әкімі тағайындалды

26 ақпан, 12:25

​Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының басшылық қызметіне келді.

Өңірдің жаңа әкімін Үкімет басшысы Асқар Маминнің өзі таныстырды.

Оразалин 1963 жылы дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық институтын және Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы лауазымынан бастаған.

Ақтөбеде жергілікті атқарушы органдарда түрлі қызметтерді атқарған ол 2005-2006 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2007-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2008 жылдан 2014 жылға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. Одан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Оңдасын Оразалина Ақтөбе облысына әкім болып тағайындалғанға дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болған.