"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы Қазақстан Президенті лауазымына өз кандидатын ұсынды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Төлеутай Рахымбеков ОСК-ға құжаттарын тапсырды. Жаңа үміткер ұлттық-аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы болып жұмыс істейді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның
Кәсіподақтар федерациясы өз кандидатын
ұсынған болатын. Ол бұрынғы
Парламент депутаты Амангелді Таспихов.
Ел Президентін
сайлау 9 маусымда өтеді.