ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында осылай деп жазды.
«Бүгін Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етеді. Партия алдына үлкен міндеттер қойылмақ. Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұр»,-деп жазды Айдос Үкібай.
Естеріңізге сала кетсек, 16 тамызда «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамыз күні Үкіметтің, партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының және өңір басшыларының қатысуымен өтетін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын.
Отырыста еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыру үдерістері аясында партияның атқарған жұмысы қорытындыланып, оның қызметін әрі қарай жетілдіру мәселелері қаралды.