Айгүл Шаимова ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

09 шілде, 15:00

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шаимова Айгүл Амантаева оқу демалысына кеткен Жүнісбекова Мәдина Серікқызының орнына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне уақытша тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Айгүл Шаимова 2016 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Айгүл Шаимова 1979 жылы Целиноград облысы Мариновка ауылында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, қаржы полициясы академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
— Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы.
2016 жылы — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі.
2016 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.