Қазақстан Президенті лауазымына алғашқы үміткер ОСК-на құжаттарын тапсырды

23 сәуір, 09:30

"Ұлы Дала Қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі (Ұлы Дала Қырандары) 64 жастағы Садыбек Түгелді Президенттікке кандидат ретінде ұсынды, деп хабарлады Орталық сайлау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Ол Жазушылар Одағының мүшесі, "Қазанат" журналының шеф-редакторы, ұлттық спорт түрлері федерациясының вице-президенті.

"2019 жылғы 22 сәуірінде "Ұлы Дала Қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі С.Түгелдің құжаттарын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Орталық сайлау комиссиясына өткізді", - делінген хабарламада.

Президенттің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді.

Садыбек Түгел ОСК-ға құжаттарын тапсырған алғашқы кандидат.