Қазақстан Президенті Асқар Бейсенбаевты Беларусь Республикасындағы Қазақстанның жаңа елшісі етіп тағайындады. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Elitar.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", делінген хабарламада.