Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

25 ақпан, 18:16

ҚР Президенті Бердібек Сапарбаевты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 25 ақпан.

Еске сала кетсек, бұған дейін бұл қызметте Мадина Әбілқасымова отырды.

Жыл басында Астанадағы Ситер отбасының қайғылы оқиғасынан соң Мадина ӘБілқасымова халықтың алғысынан гөрі, қарғысын көбірек алды. Бір үйдің 5 қызы бір түнде тірідей өртеніп кеткен соң жұрт оның отставкаға кетуін талап етті. Бұған дейін сол кездегі министр көпбалалы аналарға ай сайын 16 100 теңге берілетінін және оның аз емес екенін айтамын деп елдің сынына ұшыраған еді.

Астанадаға қайғылы жағдайданкейін көпбалалы аналар жаппай жиналып, билікке өз талаптарын қойды. Ал Мадина Әбілқасымованың танымал Forbes журналының мұқабасына шығуының Астанадағы трагедиямен тұспа-тұс келгені де елдің ашуын тудырды.