​Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

26 желтоқсан, 18:25

Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін басқарады, деп хабарлайды Ақорда.

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өндірісі министрі лауазымынан босатыла отырып Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын», - делінген хабарламада.

Бейбіт Атамқұлов 1964 жылдың 19 мамыры күні Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында туған. 1986 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының металлургиялық факультетін тәмамдады. 2006 жылдан бастап дипломатиялық қызметте істеп келді. ҚР Германиядағы Бас консулы, ҚР Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған.
Бейбіт Атамқұлов бұған қоса Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін де атқарған.