​1400-ден астам шымкенттік жеке тұрғын үй қорынан жалдамалы тұрғын үйге субсидия алатын болады

19 қазан, 15:30

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігі, қалалық тұрғын үй басқармасы және "Отбасы банкінің"өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырды.

Мемлекеттік орган өкілдері мен банк қызметкерлері қала тұрғындарына жалдау ақысын субсидиялауға кім үміткер бола алатындығы туралы жеткізді. Кімдер алуға құқығы бар нақтырақ тоқталсақ.
Азаматтардың төрт санаты субсидия алуға өтініш бере алады:
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
-жетім балалар;
- көпбалалы отбасылар. Бұл ретте отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 айдағы орташа айлық табыстың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен (37 389 теңге) аспауға тиіс. Сондай-ақ, өтінім беру үшін ЭЦҚ болуы қажет.
Тағы бір талап – үміткерлер "Отбасы банкінің" клиенттері болуы қажет. Сонымен қатар, депозиті және мекеменің интернет-банкингінде тіркелуі тиіс. Бұдан бөлек, жинақ шоты жоқ адамдар оны бейне банкинг немесе otbasybank мобильді қосымшасы арқылы аша алады.
Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға және басқа жалға берушімен жаңасын жасауға болады. Бұл жағдайда өтінім процесі қайтадан басталады. Сондай-ақ," Отбасы Банкі " ай сайын төлем тәртібіне мониторинг жүргізіп отырады. Ал, субсидия алушыларды жыл сайын олардың бағдарлама шарттарына сәйкестігін тексеретін болады.
Бұдан басқа, әкімдіктер әр тоқсанда кемінде бір рет жалға берілетін тұрғын үйді және онда тұратындарды тексеретін болады. Жақын туыстарынан, ерлі-зайыптылардың туыстарынан және бұрынғы жұбайларынан тұрғын үй жалдауға, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйді беруге тыйым салынады.
Естеріңізге сала кетейік, Жастар жылы аясында 3 жыл ішінде жыл сайын Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы "көпбалалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар"санатындағы кезекте тұрғандарға қолжетімді болады. Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

Қазақстан Республикасының азаматтығы;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соңғы 6 (алты) айдағы Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстың (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) болуы;
неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің аяқталуы (толық емес отбасылар үшін);
төлем қабілеттілігін растау;
ЖАО-ның "тұрғын үй қатынастары туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатысушылардың көзделген санаттары бойынша тұрғын үйге мұқтаж, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін есепке қоюды растауы.
Осы бағдарлама шеңберінде аталған санаттағы кезекте тұрғандарға тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасы бар, кредиттеу мерзімі 20 жылға дейінгі жылдық 2% - бен бастапқы (оның ішінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйі) және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен кредиттеу беріледі. Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңындағы аймақтарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үй сатып алу кезінде қарыздың ең көп сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды.

3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар кезекте тұрғандар "5-20-25", "5-10-20" (әскери қызметшілер, бюджетшілер, мемлекеттік қызметшілер) бағдарламалары бойынша жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үйіне және жеке құрылыс салушылардың тұрғын үйіне үміткер бола алады. Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

Қазақстан Республикасының азаматтығы;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) айдағы Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасына дейінгі табысының болуы;
төлем қабілеттілігін растау;
"тұрғын үй қатынастары туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін есепке қоюды растау.

Жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үй сатып алу үшін "5-20-25" бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үй құнының 20% бастапқы жарнасы бар, кредиттеу мерзімі 25 жылға дейінгі жылдық сыйақы мөлшерлемесінің 5% - % кредит беріледі.

Субсидиялау мәселелері бойынша толығырақ ақпаратты Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 3 мекенжайдан біле аласыздар. Яғни, Amanat партиясының 1-қабатында орналасқан "Отбасы банк" консультанттарынан алуға болады.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 1400-ден астам азамат тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялауға өтінім беріп, бүгінде өтініштер мақұлданды.