Ауыр жүк көліктерімен алыс сапарларға шығып, нәпақа тауып жүрген қазақ жігіттері қазақтың қара домбырасында күй тарту арқылы елге деген сағыныш басып жүр. ТікТок-та жүк көлігі жүргізушісінің «Көңіл толқыны» күйін тартып отырған сәтінің видеосы пайда болды.
«Иә, өз еліңнен алыста жүргенде әлбетте туған ауылыңды сағынасың. Қайда жүрсеңдер де амандықтарыңды тілеймін», «Алла тағалам өзі сақтасын, елге аман-есен оралуларыңды нәсіп етсін», «Аман болыңдар, жігіттер», «Жарайсың, бауырым! Қазақтың қара домбырасын Францияда күмбірлеткен. Жолдарың болсын, елге аман оралыңдар», «Ақ жол, бауырларым! Аман-сау жүріңдер», «Керемет, алға Қазақстан», «Әрбір қазақ жалғызым», «Тамаша күй. Қазақстаннан жалынды сәлем» деп жазды желі қолданушылары