Валюта:
  • USD / KZT - 507.8
  • EUR / KZT - 580.82
  • RUB / KZT - 6.44

    Шымкенттің бұрынғы әкімі Өзбекстандағы Елші болып тағайындалды

    18 наурыз, 12:26

    Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды.

    Сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысының Жарлығымен:
    Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
    Арын Берік Сақбайұлы – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Әріптестігі Ұйымындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;
    Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
    Тәжібаев Асқар Ерлікұлы – Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.