​Президент тапсырмасы орындалды ма?

27 қазан, 13:15

Ертең Шымкентте жергілікті кәсіпкерлер мен құқықы қорғау өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтеді. Кездесудің басты мақсаты-шағын және орта бизнестің проблемаларын анықтау, оны шешу жолдарын табу. Сонымен қатар, негізсіз және заңсыз тексерулерден қорғау.

"Шымкент қаласының кәсіпкерлері Прокуратурамен ай сайынғы кездесу 28 қазанда сағ.16-00де өтеді. Аталмыш жиын кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша Енбекші прокурорының қатысуымен өткізілмек. Осы кездесуге қатысуларыңызды сұраймыз. Кездесу Шымкент к. Байтұрсынов көшесі, 68 ғимаратта орналасқан Енбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бұған дейін, мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасауы, мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс ретінде қабылданатынын атап өткен болатын.
" Шенеуніктер, кәсіпкерлерге заңсыз тиісіп, жұмыстарына кесірін тигізер болса, прокуратураға жүгінуі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қол­дауды күшейту керек. Шағын және орта бизнестің жалпы іш­кі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтыл­ған­дардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек. Бұл осы саланы дамы­туға бағытталған жұмыстардың басты нәтижесі болмақ.

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тек қадағалау органдарының ғана емес, қала басшылығының да ерекше бақылауында.
"Қаладағы бизнес мәселелерін жедел түрде шешу бойынша мобильді топ жұмыс істейді. Оның құрамында Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де бар. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз тексерулер мен әкімшілік кедергілерге тап болған жағдайда, қалалық Еңбекші ауданы прокуратура органдарының сенім телефонына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі 8 (7252) 39-49-92.
Айта кетейік, Палата жанынан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды. Бизнестің құқықтары мен мүдделерін жан — жақты қорғау-Шымкент қаласының Кәсіпкерлер Палатасы жұмысындағы басты басымдықтардың бірі.

Кеңес салыстырмалы түрде қысқа мерзімде жұмыс істейді, бірақ осы уақыт ішінде біз өңірлік бизнестің бірқатар өзекті мәселелерін шеше алдық, миллиондаған шығындардың алдын алдық, кәсіпкерлер әртүрлі себептермен үндемеген істерге қоғамдық резонанс бердік.

Күн сайын палатаға көбірек өтініштер келіп түсуде және Кеңес мүшелері барлық жаңа істерді қарауға, неғұрлым өткір және жүйелі мәселелерді шешу бойынша салмақты, Құзыретті ұсынымдар шығаруға мәжбүр. Бұл бизнестің Палата қызметіне деген сенімінің тікелей дәлелі.