"Ұлт тағдыры" қоғамдық қозғалысы 26 сәуірде Мемлекет басшысы қызметіне қоғам қайраткері Әміржан Қосановтың кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды.
Әміржан Қосанов 1964 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін) бітірген.
Үйленген.
Үш баласы бар.