13 ақпан, 12:03
Парламент Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста Нұржан Әлтаевты аграрлық мәселе бойынша комиссияның мүшесі етіп қабылдауға дауыс берді, деп жазады rambler.ru.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин орталық сайлау комиссиясының қаулысымен "Нұр Отан" партиясының мүшесі Нұржан Әлтаевтың Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелгенін мәлімдеді.
"Осыған орай бүкіл депутаттық корпустың атынан қайта сайланған әріптесімізді құттықтаймыз", - деп құттықтады Нұрлан Нығматуллин.
Парламентке сайланғанға дейін Нұржан Әлтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымын атқарды. 30 қаңтар күні Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сапиев мәдениет және спорт министрлігінің спорт комитетінің төрағасы болып тағайындалған соң Мәжілісте бір орын босаған еді.
Нұржан Әлтаев түрлі жылдары ІІМ есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің бөлім бастығы лауазымын атқарды, "Оңтүстік" ӘКК" басқарма төрағасы және құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері болды. Бұған қоса Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
Автор:
Elitar.kz