25 ақпан, 19:30
Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Асқар Маминді Қазақстан Премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оған жұмыста табыс тіледі. Бұл туралы Ресей Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
Медведев Маминге телефон арқылы хабарласып, ізгі лебізін білдірген.
Әңгіме барысында Ресей-Қазақстан қатынастарының жекелеген мәселелері мен алдағы байланыстар кестесі қозғалды.
Автор:
Elitar.kz