Ұлттық экономика министрлігі инвестиция тартумен айналысады

26 желтоқсан, 19:03

​ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қайта құрылды.

Қайта ұйымдастырылған министрліктің функциялары мен өкілеттіктері бірнеше ведомствоға берілді. Ұлттық экономика министрлігіне инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласын, ал Сыртқы істер министрлігіне инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласы тапсырылды.