Нығматуллин Әлтаев туралы: "Үкіметте осы мәселелермен айналыспады, ал мұнда келген соң проблеманы көріп қалды"

06 наурыз, 16:17

​Немесе шенеуніктің депутат болуы неге соқтырады?

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин дәл байқағандай, адам өзі қызмет бабымен бұған дейін айналысып, байқамаған мәселеге қызыға бастайды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин депутат Нұржан Әлтаевты ауылдағы қазақстандық әйелдердің проблемасына назар аударғаны үшін мақтады.

"Көрдіңіздер ме, Үкіметтен Парламентке барудың кейде қандай пайдалы екенін?. Үкіметте осы проблемалардың басында отырып айналыспады. Мұнда келіп, проблеманы дереу байқады. Жарайсың", - деді депутаттың сөзіне орай Нұрлан Нығматуллин.
Еске салайық, 13 ақпан күні Нұржан Әлтаев Мәжіліс депутаты атанды. Ол депутаттыққа дәл осы әлеуметтік мәселелермен айналысатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен ауысты. Әлтаев аталған ведомствода вице-министр қызметін атқарған.
Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдаған Әлтаев елдегі ауылды аймақтардағы халықтың кірісі төмен екенін айтты. Ал кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы гендерлік тұсты жеткілікті қамтымайды.
"Бізге ауылдағы әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуды қолға алу керек. Ауылдағы әйелдер жеткілікті білім алмаған, толық дамуға, бизнеспен айналысуға мүмкіндіктері жоқ. Ауылдағы әйелдердің табысының төмен болуы үлкен проблема, өңірлік және ұлттық деңгейде дамуға кедергі келтіреді", - деді Нұржан Әлтаев Мәжіліс отырысында.
Кабинет ауыстыру ма, әлде депутаттың шынында да халықпен жиі кездесуге уақыты бар ма, әйтеуір Мәжіліс спикерінің мақтауына депутат "Әйелдер өтініш айтуда" деп жауап берді.