Оқыс оқиға 8-наурыз мерекесінде болған. Оралдық үш келіншек мейрамды тойлау үшін кафеде жиналып, екі бөтелке арақ ішкен. Бірақ масайған меймандардың дөрекі сөйлегені осы дәмханаға келген жігіттердің біріне ұнамай қалыпты. Бұған шыдай алмаған ол ашуға мініп, екі келіншекті сілейтіп сабап тастаған. Соққының ауыр болғаны соншалық, жапа шеккендердің бірі басынан жараланып, ауруханада бірнеше күн жатты. Қазір жігіттің оларды зорлауға тырысқан-тырыспағанын анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Полиция осы оқиға бойынша "бұзақылық" дерегімен қылмыстық іс қозғаған.