Қазақстан Президенті Instagram-ға тіркелді

01 сәуір, 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев енді өзін Twitter желісінен басқа Instagram-нан да табуға болатынын хабарлады.

"Құрметті отандастар! Жақында мен аймақ әкімдерін азаматтардың сауалдарына жедел жауап беруге және халықпен кері байланыс орнату үшін әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеуге шақырдым. Өздеріңіз білетіндей, бірнеше жыл бойы Twitter желісін белсенді пайдаланамын және біздің еліміз үшін маңызды оқиғалар туралы өз пікіріммен бөлісіп келемін. Енді бұл тәжірибені танымал Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп шештім" деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.