Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан мен Ресей басшылары екі жақты ынтымақтастық туралы сөйлесті, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.
ФОТО: vesti.ru