20 қараша, 16:50
"Самұрық-Қазына "ҰӘҚ "АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов бүгін" Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ басқармасының жаңа төрағасы Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевты таныстырды, деп хабарлайды"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ.
Сауат Мыңбаев бұған дейін қаржы құрылымдарында түрлі қызмет атқарған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі болды. 2013 жылдан бастап "ҚазМұнайГаз "ҰК"АҚ Басқарма төрағасы болды.
Бүгін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов сондай-ақ, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ басқармасының жаңа төрағасы Айдарбаев Алик Серікұлын таныстырды. Бұған дейін ол "Самұрық-Қазына"ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Әр жылдары Алик Айдарбаев "Южказнефтегаз", "Құмкөл-ЛУКОЙЛ" мақ (кейінірек "Торғай Петролиум" ЖАҚ болып өзгертілді), "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "ҚазМұнайГаз "ҰК"АҚ басшылық қызметтерін атқарды. 2011 жылдан 2013 жыл аралығында "ҚазМұнайГаз "БӨ"АҚ Бас директоры болған. 2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін – ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, 2018 жылдың 15 қаңтардан бастап "Самұрық-Қазына"ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.
ФОТО: "САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" ҰӘҚ"