САЙЛАУ: ОСК сайлау комиссияларының мүшелері үшін көшпелі семинарлар өткізуде

17 мамыр, 11:30

«Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлау ұйымдастырушыларына арналған оқыту семинар-тренингтері Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен елдің барлық өңірлерінде жоспарланды, деп хабарлайды ОСК ресми сайтындағы ақпаратқа сілтеме жасай отырып, Elitar.kz.

"Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К.В. Петровтың басшылығымен алғашқы осындай семинар 2019 жылғы 16 мамырда Қостанай облысында өтуде.

Сайлау комиссияларының мүшелері және сайлау процесінің басқа да қатысушылары - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар штабтарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысады.

Сайлау науқанының негізгі кезеңдерін өткізу барысы, сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша сайлау комиссияларының өкілеттіктері, сайлау туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету қарастырылды.

Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы А.Т. Әбенов сайлаушылардың тізімдерін жасау, сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша қабылданған шаралар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде жүргізілген жұмыс туралы баяндады.

Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы А.М. Маркова сайлау науқанын жүргізудегі ағымдағы жағдай, дауыс беру күніне сайлау учаскелерін дайындау, сайлау комиссиялары мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықтан оқу әдісімен оқыту және тестілеу дайындығы туралы ақпарат берді.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Д.Т. Искаков сайлау комиссияларының дайындық кезеңіндегі де, тікелей дауыс беру күніндегі де қызметінің мәселелеріне нақты тоқталды.

Ортсайлауком дауыс беру күнгі учаскелік комиссиялардың жұмысы туралы оқыту фильмін дайындады, бұл семинар-тренингке қатысушыларға көрсетілді.

Белсенді пікір алмасу болды және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К.В. Петров барлық сайлау комиссияларының қызметі алқалылық, ашықтық және жариялылық негізінде жүзеге асырылатынына, сайлау туралы қолданыстағы заңнама талаптарының қатаң сақталатынына, сайлау комиссияларының мүшелерін кәсібилендіруге ерекше назар аударылатынын атап өтті",-делінген хабарламада.