Серік Сәпиев енді депутат емес. Боксшы бұған өзі арыз жазып, таңертең Мәжіліс әріптестерінің лауазымын тоқтату туралы дауыс берді. Нығматуллин Сәпиевке «мемлекеттік қызметтегі жаңа лауазымында» табыс тіледі.
Боксшы бүгін спорт және дене шынықтыру жөніндегі комитеттің төрағасы болып тағайындалды.
Мәжілістегі бос орынға кім баратыны әзірге белгісіз.
YEDILOV ONLINE каналының авторы, GR Consulting Group стратегия және аналитика бойынша басқарушы директоры Ербол Еділов Парламент Мәжілісінің депутаты болып қазіргі министр немесе әкімдердің бірі баруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.