Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды

09 шілде, 17:36

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Шардара ауданының әкімі қызметіне Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Шардара аудандық мәслихатының 9 шілде күні өткен кезектен мәслихатында Түркістан облысы әкімінің ұсынысы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Қайрат Жолдыбайұлы 1981 жылы Шардара қаласында дүниеге келген. 2003 жылы С.Сейфулин атындағы Қазақ аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы оқу кезінде АҚШ-тағы Джорджия университетінде «Universiti of Georgia» оқыған.

Еңбек жолын 2003 жылы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаментінде жетекші маман болып бастаған. 2005- 2008 жылдары Қаржы министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған. 2008 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатында қызмет жасаса, одан кейінгі еңбек жолын Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметімен жалғастырған. Сондай-ақ, 2019 жылдың ақпан айынан бері Ордабасы ауданының әкімі болып еңбек етті.