Бүгін №136 мектептің спорт залында «Шымкент жастар лигасның» үшінші кезеңінде баскетбол жарысы өтті.
Кестеге сәйкес Д тобындағы №52—№136 мектептер және №56—№23 мектептердің командалары өзара бақ сынасты.
Сонымен қатар баскетбол ойындары А.Назарбеков атындағы №87 мектепе — А тобының, №55 мектепте — Б тобы, №49 мектепте — С тобының ойындары өтті.
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өтіп жатыр. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен 514 команда, 5 926 оқушы қатысуда. Лигада командаларды қолдау үшін қатысушы әрбір мектептен фанклубтар құралған.
Естеріңізге сала кетейік, бұл дода бұқаралық спортты дамыту мақсатында үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновтың идеясымен 2021 жылы алғаш рет ұйымдастырылған еді. 2022 екінші жыл қатарынан өтіп жатқан лига еліміздің өзге өңірлерінің де қызығушылығын тудырыпты. Жобаның ерекшелігі мемлекет қазынасынан бір тиын да бөлінбеген. Тек мегаполис кәсіпкерлерінің демеушілігімен ұйымдастырылған. Нәтижесінде, алты мыңға жуық мектеп оқушысы бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спортпен айналысты. Әрі жеңімпаз атанған командалар білім ордаларына сый жасады. 2021 жылы 20 млн теңгелік жұлдені мектептер қажеттілігіне жұмсалады. Екінші маусымдағы сый шағын автобус болды.
Спорттың футбол, баскетбол, волейбол және шахмат түрлерінен 151 мектеп қатысты. Одан 514 команда жасақталып, жалпы додаға 5926 оқушы ат салысқан. Ал спорттық жарыстарға төрешілік жасау және ұйымдастыру үшін 400-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылыпты.
Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, спорт түрлерінен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клубы» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинациялары бойынша марапаттар табысталды.