Мемлекет басшысы министрлерді қорқақтарға теңеді

30 қаңтар, 14:32

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің банктерден ақшаны алып шығу проблемасын шешудегі әрекетсіздігін сынады, деп жазады informburo.kz

«Сендер Үкімет те, министрлер де емессіңдер, қорқақсыңдар! Онда не үшін істеп жүрсіңдер? Барлық банктерді тазартыңдар. Біз бұл Үкімет өз жұмысын әділ атқарды деп санаймыз да сол күйі отставкаға кетіңдер», - деді Президент.