Түркістан облысында әкімнің бірінші орынбасары тағайындалды

14 ақпан, 18:57

Қосман Айтмұхаметов енді Жансейіт Түймебаевтың орынбасары қызметін атқармақ. Бұл туралы YEDILOV ONLINE Telegram каналы жария етті.

Ол бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болды. Одан өзге жаңа орынбасар Ақмола облысын да басқарған. Сол жылдары оның басқарушы ретіндегі рейтингі өте төмен болғанын атап өту керек.

Қосман Айтмұхаметов - 55 жаста. Целиноград облысы, Бестөбе ауылында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар: 1986 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (инженер-механик мамандығы бойынша), ал 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысы "Изобильный" совхозында тракторшы болып бастады. Ақмола облысының "Бестөбе" кенішінің Бестөбе АТП жабдықтау жөніндегі инженері, Целиноград жүк автобасқармасының техникалық жағдайын бақылаушы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің инженері, Ақмола қаласының Байланыс автобазасын басқарды. "Горкоммунхоз" МКК директорының орынбасары және директоры, "Астана Горкоммунхоз"АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары, тіпті Ақмола облысының әкімі болды.
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі болып жұмыс істеді.
Қосман Айтмұхемтво ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымын да атқарған.